Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары:

 

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

 

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-19-18, 74-24-68, 74-25-88, 74-20-29, қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-21-70. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі (http://is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 222-11-10 (ішкі 210, 211, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 229, 230, 234, 236).

Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.

 

Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі http://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

 

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 9 ақпан.

 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 наурыз (қоса алғанда).

04.02.2026
1015