
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – Орталық) «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін дамытудың «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 17-тармағына және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 «Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Орталықтың ақпараттық жүйесіндегі www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша өтінім берушінің жеке кабинетінде Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) шешімі тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҰҒК шешімімен келіспеген жағдайда, конкурсқа қатысушы (өтінім беруші) Апелляциялық комиссияға шағым бере алады. Апелляциялық комиссияға шағымдарды info@ncste.kz және appel_nns@ncste.kz электрондық пошталары арқылы жіберу қажет.
Бұл ретте, Ереженің 18-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайды:
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштер;
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштер;
4) иесі бүркемеленген өтініштер;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштер.
Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы және көшірмесі appel_nns@ncste.kz электрондық поштасына жіберілуі қажет екенін хабарлаймыз.