
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – Орталық) «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде өтінім қарағанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже)17-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығы негізінде, ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінде www.is.ncste.kz сілтеме бойынша немесе info@ncste.kz электронды поштасына конкурсқа қатысушы (өтінім беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.
Бұл ретте, Ереженің 15-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына назар аударамыз:
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштер;
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштер;
4) иесі бүркемеленген өтініштер;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштер.
Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.