Өтінімдерді пысықтау мерзімін ұзарту
Техникалық жағдайларға байланысты Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған неғұрлым перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінім берушілердің көрсетілген ескертулерді жою мерзімі ағымдағы жылдың 1 наурызын қоса алғанда Астана уақытымен сағат 23:59-ге дейін ұзартылды.
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде Қоғам серверлерінен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының серверлік ресурстарына деректерді беру процесінде ақаулардың орын алуына байланысты ескертеміз.