Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, Қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен акционерлік қоғам түрінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 19 шілдесіндегі №831 қаулысы негізінде, сондай-ақ «Республикалық меншіктің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 675 қаулысы негізінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы оған «ҰҒТАО» АҚ қосып, барлық құзыреті мен құқықтарын алу арқылы қайта құрылды.
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру; Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық дамытудың басым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер жұмысын ұйымдастыру, ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік ресурстарын құру, ақпараттық нақтылығын зерттеу, ғалымдар мен мамандарды ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын Қазақстанның ірі аналитикалық-ақпараттық орталығы.
2014 жылы «ҰҒТАО» АҚ-нда тиімді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ИСО 9001:2008 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде тіркеліп, «Asia CertLine» ЖШС 2014 жылдың 5 қыркүйегінде берген № 0035772 Сәйкестік сертификаты алынды. Осы компанияның 2017 жылы жүргізген қайта бақылау аудиті нәтижесінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы ретінде 2020 жылдың 27 желтоқсанына дейін ИСО 9001:2016 (жаңа нұсқасы) стандартына сәйкес сертификаты берілді.
«ҰМҒТСО» АҚ-да Қоғам қызметін іске асыруға, өндірістік тапсырмаларды орындауға, сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттарды тиімді басқару және оған қол жеткізуге қажетті сапа менеджменті жүйесінің басты және қолдаушы процестері анықталған.
«ҰМҒТСО» АҚ-да Сапа менеджменті жүйесінің қолдану саласы:
«ҰМҒТСО» АҚ СМЖ-нің даму моделінде бірнеше арнайы құжаттары бар:
«ҰМҒТСО» АҚ-да СМЖ-нің қызмет істеуіне және оны қолдауға жауап беретін құрылым, сапа жөніндегі басшылық өкілі, Сапа менеджменті жүйесінің менеджері бар.
СМЖ құжаттарына:
«ҰМҒТСО» АҚ-да «Doсumentolog» электронды құжат айналымы жүйесі жұмыс істейді.
СМЖ қызметінің тұтынушыға бағдарлану негізгі қағидасы бойынша ұйымда көрестілген қызметке тұтынушының қанағаттандырылғандығына баға беру жүйесі жұмыс істейді:
«ҰМҒТСО» АҚ-да сертификатталған СМЖ-нің болуы – көрсетілетін қызметті қолданып жүрген және әлеуетті тұтынушылар үшін Қоғам қызметінің сапасына берілетін кепілдік. Нәтижелі және тиімді СМЖ – жұмыс сапасы нәтижелілігін бақылау және оған баға беру тәсілімен кемшіліктерді анықтау және жою әдісі.