5 қыркүйек күні сағат 14:30-да Алматыда «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ғимаратында Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар,  жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты мүшелерінің жиналысы өтеді.

 «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің басқосуы Орталықтың Фейсбуктағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлаймыз.  

 

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

04.09.2019
260