«ИННОБИЛД» ЖШС ғалымдары ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Қ.А. Нұрбатыровтың жетекшілігімен қасбеттік конструкциялар үшін коллоидтік цементті ұстастырғыш негізінде декоративтік жабындар әзірлеу жолын ұсынды.

Зерттеу барысында бастапқы және алынған материалдар құрамын химиялық және дифрактометрикалық әдістерге талдау жүргізілді. Алынған жабындардың физика-механикалық және құрылыс-техникалық қасиеті жалпыға бірдей әдістемемен қабылданған қолданыстағы стандарттар бойынша анықталды. Материалдардың микроқұрылымы электрондық микроскопия әдісімен зерттелді.

Сонымен қатар коллоидті цементтік материалдар және олардың негізіндегі жабындар технологиясының негізгі технологиялық параметрлері оңтайландырылды. 28-тәуліктік жастағы қысу кезіндегі беріктік шегі – 59,0-59,9 МПа; негізбен ілінісу беріктігі – 2,0-2,52 МПа қасиеттерге ие бетондардың декоративтік жабыны үшін құрғақ құрылыс қоспалары алынды. Коллоидтік цементтік материал аз отыру деформациясымен (0,313-0,694 мм/м) сипатталады. Жабын өндірісінің технологиясы мен технологиялық схемасы әзірленді. Қолданыстағы технологияны жетілдіру барысында бетон қалдықтарын дайындау мен жүктеудің қосымша торабы жаңғыртылды.

Жұмыс істейтін өндіріс жағдайындағы коллоидті цементтік жүйе негізіндегі декоративтік жабындар технологиясы бойынша тәжірибелік сынау сапалы жабын алу мүмкіндігін растады. «Темірбетон-1» ЖШС, «Бетон-Ата» ЖШС жағдайында декоративтік жабындар технологиясын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау актілері алдынды.

Тәжірибелік сынау нәтижелері бойынша коллоидтік цементті ұстастырғыш және бетон қалдықтарын уату қалдықтары және оларды өндіру мен қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде декоративтік жабындар үшін құрғақ қоспалар өндірісі бойынша технологиялық регламент әзірленді.

Есептік экономикалық әсер1 құрғақ құрылысқа 2 460 теңгені құрайды.

Ұсынылған технологияның тиімділігі қасбеттік конструкциялар үшін құрылысты ұзақ мерзімді жабындармен қамтамасыз етумен және табиғи шикізат пен құрылыс қалдықтарын кешенді пайдаланумен анықталады.

«ҰМҒТСО» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

05.09.2019
56