12 сәуір Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күні Алматыдағы Ғылым ордасында салтанатты жиын болып өтті. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ғазақ ғалымдарын төл мерекесімен құттықтау үшін Астанадан арнайы келді. Айтулы шара барысында вице-министр отандық ғылымның өрісін кеңейтіп жүрген Тынысбек Кәлменов, Зұлқайыр Мансұров бастаған ғалымдарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы марапаттарын тапсырды.

Салтанатты шараны ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов жүргізіп, ғалымдарды құттықтап келген сала басшыларына сөз берді. Жиын барысында Алматы қаласы мен Қызылорда облысы әкімінің және ҚР Сыртқы істер министрінің өкілдері өкілдері ғаламыдарды құттықтап, ақжарам тілектерін арнады.

Күні кеше ғана ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалған Фатима Надырқызы өзінің алғашқы жұмыс күнін ғалымдарды ортасында бастағаны жақсылықтың нышаны екенні айта келе, әріптестеріне толағай табыстар тілепі, елімізді өркендету жолында аянбай еңбек етуге үндеді.  

Қазақстанда Ғылым күні ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен орайластыра тойланатыны белгілі. Биыл Ғылым күні Қаныш Имантайұлының 120 жылдық мерейтойы мен Satbayev University оқу орының 85 жылдық мерейтойымен орайласқанын айта кетуміз керек. Алқалы басқосуда ғалымдар еліміздегі жоғары техникалық мамандықтар даярлайтын оқу орынның ректоры Ескендір Бейсембетовты мерейтойларымен құттықтады.

 

 

 

 

12.04.2019
363