Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Құрметті конкурсқа қатысушылар!

2020 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 ҚР ҮҚ) (бұдан әрі – Қағидалар) Қаулысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз.

2021 жылдың 25-қаңтарында осы Қағидалардың 10-1-тармағының 1), 2), 3), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін:

-         ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 12 ай іске асыру мерзімімен 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына;

-         ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсына;

-         ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсына

келіп түскен өтінімдер өтінім берушіге ҰМҒТСО АҚ ақпараттық жүйесі арқылы «Түзетуде» деген мәртебесімен түзетуге жіберіледі.

10-3-тармаққа сәйкес, Өтінім беруші өңделген өтінімді түзетуге жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҰМҒТСО АҚ ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.

Сіздің өтініміңіздің мәртебесінің өзгеруін бақылау үшін электрондық поштаны және ҰМҒТСО АҚ ақпараттық жүйесіндегі ғылыми жетекшінің жеке кабинетін тексеруді сұраймыз. 

 

Конкурсқа қатысушылардың өтінімді қайта қарастыру процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

1. ҰМҒТСО АҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген сәйкессіздіктермен танысу;

2. Көрсетілген сәйкессіздікті жою (қажетті құжаттарды тіркеу және / немесе өтінімнің мазмұнын үш тілде редакциялау);

3. ЭСҚ қолдана отырып, ғылыми жетекшінің өтінімге қайта қол қоюы;

4. ЭСҚ көмегімен ұйымның бірінші басшысының өтінімге қайта қол қоюы, бұл ретте ҰМҒТСО АҚ ақпараттық жүйесінде «Берілген» мәртебесі қойылады.

 

25.01.2021
4101