Құрметті ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың орындаушылары!

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының (өзг. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығы) Қағидасына сәйкес «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (http://is.ncste.kz) автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілері және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған 2020 жылға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың орындалуы туралы аралық және қорытынды есептерін қабылдау туралы хабарлайды.

Есептерді тапсыру алдында орындаушылар ғылыми зерттеулердің тиімділігін бағалау үшін rating.nauka.kz «ҰМҒТСО» АҚ сайтында орналастырылған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыруы қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынар алдында).

Сұрақтар бойынша ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

04.09.2020
736