«Каспий маңының Қазақстандағы бөлігінің тұрғындарына техногенді әсер ету қауіп-қатерінің ықпалын бағалау» («Жалпы генетика және цитология институты» РМК) бағдарламасы бойынша:

- үлгілік тест-жүйені қолдана отырып топырақтың, су мен су түбіндегі шөгінділердің ластағыштарының басымдықтарын анықтайтын, олардың геноуландырғыш шамасын бағалайтын Каспий маңының Қазақстандағы бөлігіндегі іс-шаралар кешені жүргізілді; флора мен фауна, мал азығы өсімдіктері, ауыл шаруашылығы жануарлары мен паразитті ауруларды таратушылардың эндемикалық түрлеріне техногендік факторлардың әсерін анықтау; Каспий маңының Қазақстандағы бөлігінің тұрғындарының денсаулығына техногенді әсері қауіпін бағалау. Каспий маңы аумағындағы ауа мен суды негізгі ластаушылар ауыр металдар (никель, хром және кадмий) екендігі анықталды. Су мен топырақтың өзекті және ұзаққа созылған улағыштығын жылдам әрі елеулі бағалау үшін сәулеленуге негізделген Daphnia биоиндикация әдісін қолдану ұсынылады. мониторингтік аймақтағы өсімдік жабынының антропогенді ықпалдандырылған өзгерістері, топырақтың азуы және мал азығы өсімдіктерінің орнын шөп-шалам мен улы өсімдіктердің алмасуы анықталды. Ауыр металдар бойынша (қорғасын, мырыш, никель және марганец) зерттелген өсімдіктер арасында аккумуляторлық қабілеті ең жақсы, Каспий маңы аймағындағы үстемдікке ие Artemisia terrae-albae өсімдігі екендігі анықталды;

- жергілікті теректер мен Шобер ақтікенін клондық микрокөбейту тәсілі әзірленді. Жергілікті жағдайға бейімделген микроклондалған өсімдіктер теректер мен ақтікендер Атырау және Маңғыстау облыстарының қызығушылық танытқан мекемелеріне берілді және елді мекендерге егілді;

- аймақтағы өсірілетін мал (қой мен ірі қара) цитогенетикалық тұрақсыздық деңгейі жоғары екендігі білгілі болды. Қой мен ірі қара малдарды цитогенетикалық зерттеу Құлсары мен Жаңаөзен қалаларындағы жануарлардың хромосомалық аберрациясы мен геномдық мутациясының деңгейі жоғары екендігін көрсетті. Жануарлардың паразиттерінің (таспақұртқа шалдығу, бауырқұрт, бауырқұрт кеселі, стронгилятоз, өкпенің қыл құрты және мониезиоз) 7 түрі мен маса-таратушы трансмиссивті ауруының түршелері анықталды. Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар ұсынылды.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

06.11.2018
82