Құрметті әріптестер!

 

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы 2025 жылғы 24-26 қыркүйекте «Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары шеңберінде ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға өтінімдер берудің және мемлекеттік есепке алудың практикалық мәселелері» тақырыбы бойынша вебинар өткізілетіні туралы хабарлайды. Вебинар 3 күн болады, әр күні 1,5 сағатқа созылады, өткізу уақыты 16.00 – 17.30 online форматында.

Вебинарға интерактивті қатысу үшін ғылыми ұйымның 2 өкілі1-ші басшы және ғылыми хатшы шақырылады. Барлық ниет білдірушілер вебинардың YouTube және Facebook платформаларында тікелей трансляциясын көре алады.

2 өкілді тіркеу үшін ұйымның ресми хатын a.mahanov@ncste.kz электрондық поштасына қоса беріліп отырған нысан бойынша 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жіберу қажет.

Вебинар бағдарламасы қатысушылар тіркелгеннен кейін жіберіледі. Вебинар тақырыбы бойынша көкейдегі және өзекті сұрақтарды a.mahanov@ncste.kz электрондық поштасына алдын ала жіберулеріңізді сұраймыз.

Аты-жөні, лауазымы

(ФИО, должность)

Ұйым

(организация)

Қала, облыс

(город, область)

Байланыс телефоны (телефон)

Электронды поштасы

(электронная почта)

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

10.09.2025
1963