Құрметті әріптестер!
Жақында ҰМҒТСО АҚ-на қатысы жоқ әртүрлі ресурстарда ақылы түрде консультациялық қызметтерді көрсету, оның ішінде ҰМҒТСО ААЖ пайдалану туралы хабарландырулар пайда болуда.
Сіздерді ҰМҒТСО АҚ-ның мұндай тәжірибеге еш қатысы жоқ екенінен хабардар етеміз. Біздің қызметіміз туралы барлық хабарландырулар ұйымның ресми ресурстарында – Facebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/ncste.kz парақшасында, www.ncste.kz, www.nauka.kz сайттарында жарияланып отырады.
ҰМҒТСО автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша орталықтың 355 00 52 сенім телефонына (ішкі нөмірлер 201, 202, 203, 207, 208, 209, 211, 214, 216, 218) қоңырау шалу арқылы кеңес алуға болады. Сондай-ақ, Zoom платформасында онлайн кездесу арқылы кеңес берілуде. Бұл қызметтер тегін көрсетіледі.
Сақ болыңыздар! ҰМҒТСО АҚ мұндай хабарландырулардың мазмұнына және мұндай компаниялардың қызметіне жауап бермейді. ҰМҒТСО АҚ басшылығы.