Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың, бағдарламалардың іске асырылу барысы мен нәтижелілігін мониторингтеу туралы ереже (бұдан әрі Ғылыми зерттеулер мониторингі) бекітілді.

Ғылыми зерттеу мониторингі жобалар мен бағдарламалардың есепті және қорытынды жылдағы іске асырылу нәтижелері бойынша тиімділігін анықтау үшін олардың сапасын қамтамасыз ету және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жүргізіледі. Ғылыми зерттеулердің кезекті жыл сайынғы мониторингіне арналған іс-шаралары 2020 жылдың 19 қазанында басталады.

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) - ғылыми зерттеулер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыс органы болып табылады.

 Ғылыми зерттеулер мониторингінің нәтижелері бойынша ғылыми зерттеулердің жергілікті жерге бара отырып жүргізілген мониторингінің актілері және орындалған жұмыстардың есебі жасалады.

Сараптама орталығының ғылыми зерттеу мониторингінің нәтижелері ҰҒК пен ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

Ғылыми зерттеу мониторингі туралы сұрақтар бойынша Сараптама орталығына келесі телефон арқылы хабарласуға болады:

 +7 (727) 355 50 01 (бұдан әрі белгілі бір бағытқа сәйкес ішкі нөмір):

Ішкі нөмір 201 - «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ҰҒК үйлестірушілері

Ішкі нөмір 202 - «Энергетика және машина жасау» ҰҒК үйлестірушілері

Ішкі нөмір 203 - «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» ҰҒК үйлестірушілері

Ішкі нөмір 205 - «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасыр білімі, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» ҰҒК үйлестірушілері

Ішкі нөмір 206 - «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ҰТК үйлестірушілері

Ішкі нөмір 207 - «Жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер» ҰҒК үйлестірушілері

Ішкі нөмір 208 - «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі» ҰҒК үйлестірушілері 

Ішкі нөмір 220 - «Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын, геологияны, қайта өңдеуді, жаңа материалдар мен технологияларды, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдарды тиімді пайдалану» ҰҒК үйлестірушілері.

16.10.2020
645