Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды.

Құрылған комитет мүшелері қазақстандық ғылыми қоғамдастық өкілдерін Қазақстандағы ғылыми-технологиялық дамудың жай-күйі мен перспективаларын жан-жақты талқылауға шақырады.  

Сараптама кеңесінің мүшелері зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелеріне ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.

Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау үшін Құрылтайдың ресми сайтында (https://quryltai.kz/kk/activity/expert-councils/committee/8) «Қызмет» - «Сарапшылық кеңестер» бөлімі қарастырылған. Аталған бөлімде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.       

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновация және ғылым жөніндегі комитетінің сараптамалық жұмысына қатысу – бұл тек өз пікіріңізді жеткізу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ғылым саласындағы оң өзгерістерге үлес қосудың нақты мүмкіндігі.

19.11.2026
89